83 МЫҢ ТОННА ТҰРМЫСТЫҚ ҚАТТЫ ҚАЛДЫҚТАРДЫҢ ТЕК 2,05%-Ы ӨҢДЕЛГЕН
Қызылорда облысында 2016 жылдың І жартысында пайда болған 83 мың тонна тұрмыстық қатты қалдықтардың 2,05 пайызы ғана өңделген.
- Аймақта тұрмыстық қатты қалдықтарды өңдеумен айналысатын – жалғыз «Ибрайхан и К ЛТД» компаниясы. Биыл алты айда қордаланған қоқыстардың 1,7 мың тоннасы өңделді. Көрсеткішті өсіру мақсатында 2014 жылы Еуропалық даму және қайта құру банкімен бірге тиісті жобаны қаржыландыру бойынша алдын ала келісімшарт жасалды, - деді бүгін «Сыр Медиа» ЖШС жанындағы ОКО брифингінде облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Еркебұлан Бекжанов.
Осы орайда финляндиялық «FCG design and engineering» компаниясы техникалық-экономикалық зерттеу жұмыстарын аяқтады. Қазіргі уақытта қала әкімдігі тарапынан жұмыс зерделенуде.
Назерке САНИЯЗОВА