ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНДА СҰЙЫТЫЛҒАН ГАЗ БАҒАСЫ ҚЫМБАТТАДЫ
Бұл өзгеріс көлігіне газ қондырғысын орнатқан жүргізушілер үшін оңайға соғып отырған жоқ. «Сондықтан соңғы уақытта жиі көтеріліп жатқан газ бағасына басшылықтан арнайы бақылау керек», - дейді жүргізушілер.
31 арна тілшісі хабарлағандай, бастапқыда жүргізушілер көгілдір отынды 38 теңгеден сатып алып жүрсе, бүгінде баға 50 теңгеге көтеріліпті.
Ал табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің мамандар «біз тек газ тарататын екі компанияның ғана баға өзгерісіне жауап бере аламыз», - деп отыр.
- Бағаны өсіру үшін газ таратушы компаниялар 30 күн бүрын бізге өтініш білдіру қажет. Біз бақылайтын "Байқоңыргаз", "Тұрангаз май құю" компаниялары әзірше ондай арыз-өтініш білдірген жоқ, - дейді Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті филиалы директорының орынбасары Гүлмира Өтегенова.
Бүгінде қаладағы май құю бекеттеріндегі газдың құны әр жерде әртүрлі.