«МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» АКЦИЯСЫ КЕЗІНДЕ ЖЕДЕЛ БАЙЛАНЫС ЖЕЛІСІ МЕН ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ
1 тамызда «Мектепке жол» дәстүрлі республикалық акциясы басталды. Шара биыл тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай «Бақытты балалық шақ мекені» ұранымен өткізілуде.
Бүгін «Сыр Медиа» ЖШС жанындағы ОКО брифингінде Қызылорда облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Құралай Ерташова аймақта осыған байланысты іс-шаралар жоспары әзірленіп, бекітілгенін жеткізді.
- Былтыр акция барысында 25630 балаға бюджеттік және бюджеттен тыс қаржы есебінен 162568500 теңге көлемінде көмек көрсетілді, - деді ол.
Дәстүріл шараға орай Қызылорда қалалық және аудандық білім бөлімдерінде жедел байланыс желісі мен қоғамдық қабылдау жұмыс істейді. Айта кетейік, акция 30 қыркүйекте қорытындыланады.
Назерке САНИЯЗОВА