ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ ОБЛЫСЫМЫЗДА 23 АДАМ СУҒА КЕТКЕН
Жыл басынан бері облысымызда 23 адам (10 бала), ал өткен жылы 36 адам (12 бала) суға кеткен. Бұл туралы бүгін «Сыр медиа» ЖШС жанындағы облыстық коммуникация орталығында өткен брифингте ТЖД төтенше жағдайлардың алдын алу бөлімінің бастығы Марат Қобландиев хабарлады.
- Көбіне көпшілік суға түсуге рұқсат етілмеген жерде шомылады. Сонымен қатар балық аулау уақытында құтқару киімдерін кимейді. Спирттік ішімдік ішіп, белгіленбеген жерде суға түсіп қана қоймай, қауіпсіздік шараларының сақталмауынан қайғылы жағдайға соғып жатады. Сондықтан қауіпсіздік шараларын түсіндіріп рейд те жасап жатырмыз, теледидар және басқа да БАҚ өкілдері арқылы ескерту жасалып жатқанмен нәтиже көрінбейді, - деді М.Қобландиев.
- Облысымызда арнайы суға түсуге рұқсат етілген жерлер екеу ғана, Бәйгеқұм және Арай мөлтек ауданындағы жағажайлар. Ал Қамбаш көлі демалыс орны болып бекітілгенмен суға түсуге рұқсат берілмеген. Сондықтан суға түсер кезде ата-аналарға мұқият болуға ескертеміз, - деді ОӨАЖҚЖ ММ бастығының міндетін атқарушы Тілеген Қойшығараев.
Айта кету керек, төтенше жағдайлар департаментінде кадр жетіспеушілігі жоқ. Облысымызда 73 құтқарушы бар. Құтқарушылардың негізгі базасы Қызылорда қаласында болғандықтан құтқарушылармен Қызылорда қаласы аумағы мен Арал ауданындағы Қамбаш демалыс орны қамтылған.
Шынар БЕКБАН