ЕЛІМІЗДЕ ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ ИНФЛЯЦИЯ 5,2%-ДЫ ҚҰРАДЫ
Елімізде жыл басынан бері инфляция 5,2%-ды құрады. Биылғы жылдың жеті айында азық-түлік тауарлары 5,6%-ға, азық-түлікке жатпайтын тауарлар 5,2%-ға, ақылы қызметтер 4,7%-ға қымбаттады. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz.
Ведомствоның мәліметінше, биылғы жылдың басынан бері (2016 жылғы шілде 2015 жылғы желтоқсанға) нан 14,3%, қайта өңделген және консервіленген көкөністер 10,6%, кондитерлік өнімдер 9,7%, салқындатылған сусындар 9,1%, макарон өнімдері 8,8%, кептірілген жемістер мен жаңғақтар 8,2%, жеміс және көкөніс шырындары 7,5%, күнбағыс майы 7,4%, тоқаш және ұннан дайындалатын өнімдер 6%, құс еті 5,8%-ға, жаңа жиналған жемістер, мәйекті ірімшік 5,5%, жармалар 27,3%, қант 26,4%, шай 20,6%, картоп 41,4%-ға шарықтады.
Жұмыртқа 13,4%, сүт 8,2%, жаңа жиналған көкөністер 9,5%, айран 0,7%-ға арзандаған.
Баға өсімі фармацевтикалық өнімдерге – 13,1%, тұрмыстық аспаптарға – 8,2%, жеке қолданатын тауарларға – 7,9%, шыны және қыштан жасалған өнімдерге, жуғыш және тазалағыш құралдарға – 7,5%-дан, тоқыма бұйымдарына – 6,2%, автомобильдерге – 6%, киім және аяқ киімге – 4,9%, жиһаз және үйге қажетті заттарға 3,1%-ды құрады.
Денсаулық сақтау қызметтері 7,7%, мектепке дейінгі балалар мекемесі 7,5%, мейрамханалар мен қонақ үйлер құны 4,2%, демалыс, ойын-сауық және мәдениет саласындағы қызметтер 4,1%, шаштараздар мен жеке қызмет көрсету орындарының құны 2,4%-ға өсті. Әуе көлігімен жол жүру 22,3%, алыс қашықтыққа қатынайтын темір жол көлігі 14,1%, ішкі қалалық автобуспен жол жүру ақысы 7,6%-ға жоғарылады.
«Тұрғын үй-коммуналды қызметтер саласында тарифтер кәрізге 25,3%, суық суға – 12,4%, қоқыс шығаруға – 11,8%, тарату желілері арқылы тасымалданатын газға – 7,8%, орталықтан жылытуға – 7,3%, электр энергиясына – 4,9%, ыстық суға – 4,4%-ға өсті», – делінген хабарламада.