ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚТАРДЫҢ 20-25%-Ы АЛАЯҚТЫҚ ТУРАЛЫ УАҚЫТ ӨТКІЗІП АРЫЗДАНАДЫ
Алаяқтардың арбауына түсіп қалған қызылордалықтардың 20-25 пайызы арада 3-4 жыл өткенде ғана құзырлы орғандарға мұңын шағады. Мұндай статистиканы бүгін «Сыр Медиа» ЖШС жанындағы ОКО брифингінде облыстық ІІД криминалды полиция басқармасының бастығы Ғани Тұрсекеев келтірді.
Уақытылы арызданған жағдайда қылмысты әшкерелеу әлдеқайда оңайға түседі. Биыл 6 айда өңірде 483 алаяқтық дерегі тіркеліп, былтырғыдан 26,8 пайызға төмендеген. Құқық қорғаушылар сақтықта қорлық жоғын ескертеді.
- Қандай да бір мүлік сатып алмас бұрын халыққа қызмет көрсету орталығына барып, оның кепілде тұрған-тұрмағанын немесе үшінші біреудің оған таласы бар-жоғын анықтап алу керек. Ал біреу қоңырау соғып, туысы немесе баласы қиын жағдайға душар болғанын айтып, ақша әкелуді немесе шотқа аударуды сұраса, тұра жүгірмей, ішкі істер органдарына жүгініп, ақ-қарасын ажыратып алған абзал. Кезексіз пәтер, жер немесе әперу істерінде жәбірленушінің сезіктіге айналу мүмкіндігі жоғары. Өйткені мұқтаж адам тамыр-таныс іздеп, үшінші адамды пара алуға өзі итермелейді, - дейді Ғани Тұрсекеев.
Брифингте сондай-ақ Қызылорда қалалық №2 сотының судьясы Балғабай Жаңабаев осы санатта қаралған істер туралы айтып берді.
Назерке САНИЯЗОВА