БИЫЛ 60 КӨПҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙГЕ ЫСТЫҚ СУ ЖЕТКІЗІЛЕДІ
Бүгінде «Қызылордажылуэлектрорталығы» МКК облыс орталығындағы бірнеше көшелерде жылу құбырларын ауыстырып жатыр. Қыстың қамын жазда ойлайтын мекеме желілерді жаңалауда «Нұрлы жол» бағдарламасының игілігін көріп отыр.
Кеше Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті мамандары БАҚ өкілдеріне «Қызылордажылуэлектрорталығының» қарамағындағы жеті нысанда жаңартылған және жаңғыртылған жылу жүйелерін назарға алып, кәсіпорынның маусымдық жұмыстарымен таныстырды.
Кәсіпорынның 1964 жылы іске қосылуына байланысты жылу желілері 45 жылдан астам уақыт пайдаланылуда. Сондықтан жабдықтар мен инженерлік жүйелер белгілі бір дәрежеде тозығы жетіп, жаңалау, қолдау, қайта жаңғырту және техникалық жарақтандыруды қажет етеді. Осыған орай кәсіпорын бекітілген инвестициялық бағдарлама аясында жылу жүйелерін қайта құру және жаңғырту жұмыстарын жүргізуде.
Сала мамандары жылу тасымалдайтын құбырларға ерекше күтім керектігін айтады. Өйткені, жылу өз деңгейінде берілгенімен, оның тұрғын үйлерге жетпей жататын жағдайлары жиі кездеседі. Сол үшін 2008 жылдан бері жылу құбырларын қайта жаңартып, оның сыртын қаптауды бастаған. Алдағы екі жылдың көлемінде қаладағы барлық жылу құбырлары толықтай жаңартылатын болады. Биылдың өзінде Солтүстік және Оңтүстік аймақтарда 5556 метр жердің құбырлары тамыздың ортасына дейін толық ауыстырылып, қолданысқа берілетін болады. 2014 жылдың өзінде 780 метр болатын жылу құбыры ауыстырылып, оған 66 млн теңге жұмсалған. Ал былтыр республикалық бюджеттен бөлінген 3 млрд теңге қаржыға 14 нысанның жылу құбырлары жаңартылған.
Мекеме басшысы Өтеулі Ахметов: «Биыл облыс орталығындағы 6 мемлекеттік мекеме мен 60 көпқабатты тұрғын үйге ыстық су барады. Ал, алдағы бесжылдықта қаламыздың әр үйінде ыстық су болады», – деді.
Айта кетейік, 2015-2020 жылдарға арналған инвестициялық бағдарлама бойынша жылумен қамту жұмыстарына 16,2 млрд. теңге инвестиция салу жоспарлануда. Бұл жұртшылыққа көрсетілетін қызметтің сапасын арттыру мақсатында қолда бар активтерді жаңарту, негізгі құралдарды қалпына келтіру және техникалық қайта жарақтандыру жұмыстарына жұмсалатын болады. Ал мекеменің өз қаржысы есебінен 802,5 млн. теңге, бюджеттік қаржы есебінен 165,1 млн теңге, қарыз қаражаты есебінен 15,3 млрд теңге, оның ішінде «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша 8,7 млрд теңге және ЕҚДБ-дан қарыз есебінен 6,5 млрд теңге қарастырылып отыр.
Нұрбек ДӘУРЕНБЕКОВ