2 ТАМЫЗДА ЕЛ АУМАҒЫНЫҢ ОҢТҮСТІГІНДЕ ШАҢДЫ ДАУЫЛ
Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты Қазақстан Респуликасының оңтүстік-шығыс, шығыс, батыс және орталығында жаңбыр, найзағай сақталады, екпінді жел соғады, жекелеген аудандарында бұршақ жаууы ықтимал. Кей жерлерінде тұман күтіледі, деп хабарлайды Қазгидромет. Тек республиканың солтүстік, солтүстік -батысында, оңтүстік және оңтүстік-шығысында ауа-райы жауын-шашынсыз болады. Алматы, Қарағанды, күндіз Жамбыл облыстарында жел 15-20 м/с күшеюі күтіледі, Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман түсуі ықтимал. Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарында таңертең және күндіз желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді, шаңды дауыл болады. Шығыс Қазақстан облысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман күтіледі, күндіз кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін. Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі. Күндіз Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында, Маңғыстау облысының кей жерлерінде аптап ыстық болады. Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарында, Жамбыл облысының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.