«АЛТЫН АДАМ» – ҚЫЗЫЛОРДАДА
2-4 тамыз аралығында Қызылорда көркемсурет галереясында (ескі әскери комиссариат ғимараты) «Алтын адам» экспонатының көрмесі өтеді. Бұл туралы бүгін «Сыр Медиа» ЖШС жанындағы ОКО брифингінде облыстық мәдениет мұрағаттар және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары Мира Әбуова мәлімдеді.
Тәуелсіздіктің 25 жылдығы аясында ҚР Ұлттық музейі «Ұлттық музей сенің – қалаңда» атты акция ұйымдастырды. Көрмені тегін тамашалауға болады.
Жыл басынан бері облыс мұражайларында 4510 экскурсия, 323 лекция, 290 көрме ұйымдастырылған. Мұражайлар қоры 2141 экспонатпен толықты. «Музеолог» бағдарламасы бойынша 1542 экспонат енгізілді. Басқарма басшысының орынбасары облыстың мәдениет саласындағы басқа да көрсеткіштерді саралады.
- 2016 жылы Сығанақ, Шірік-Рабат және Жанкент қалашықтарында археологиялық зерттеу жүргізуге 24 млн. теңге бөлінді. Қазіргі күні тарихи нысандарда тиісті жұмыс жүргізілуде, - деді Мира Әбуова.