ҚЫЗЫЛОРДАДА СІБІР ЖАРАСЫ ІНДЕТІНІҢ 26 ОШАҒЫ НАҚТЫЛАНДЫ
Қызылорда облысы бойынша сібір жарасы індетінің кадастрге тіркелген 67 ошағы бар болса, оның 26-сы нақтыланды.
Облыстық ветеринария басқармасынан хабарлағандай, ошақтарды қоршап, белгі қою жұмыстарына жергілікті бюджеттен 11,3 млн. теңге қаржы бөлініп, тиісті іс-шаралар атқарылды. Нақтыланбаған 41 ошақ тіркелген аймақтарға экспедициялық жұмыстар жүргізіліп, қорытынды акті жасалды және зерттеуден өткізілген сынамалардың сараптама хаттамалары (теріс қорытындымен) алынды.
Сондай-ақ ҚР АШМ-не нақтыланбаған ошақтардың координаттары бойынша республикалық деңгейдегі ғылыми-тәжірибелік орталықтары мамандарының қатысуымен қайта зерттеу жұмыстарын жүргізу жөнінде ұсыныс хат жолданды.
Елде қалыптасқан жағдайға байланысты Қызылорда қаласы мен аудандарда мәжілістер өткізіліп, облыс аумағында эпизоотиялық тұрақтылықты сақтау, адам мен жануарларға ортақ жұқпалы ауруларды болдырмау, алдын алу мақсатында ағарту, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Осы атқарылған жұмыстардың нәтижесінде облыс көлемінде эпизоотиялық тұрақтылық сақталып отыр.