АЛМАТЫДА КҮЛІКБАЕВ ЖАРАҚАТТАҒАН ТАҒЫ ЕКІ ПОЛИЦЕЙ ҚАЗА ТАПТЫ
Алматыдағы жедел жәрдем ауруханасының жан сақтау бөлімінде Р.Күлікбаевты ұстау кезінде жарақат алған тағы екі полицей көз жұмды. Дәрігерлер олардың өмірін сақтап қалу үшін қолдан келгеннің бәрін жасады, деп хабарлайды BNews.kz.
Ауруханада 1973 жылы туған полиция аға сержанты, Алматы ІІД Жергілікті полиция қызметі жол-потрульдік полициясы полкінің қызметкері Серік Әбілдаев қаза тапты. Ішкі істер органдарында ол 1994 жылдан бері қызмет істеген. Осы уақыт ішінде 1,2,3 дәрежелі «Ішкі істер органдарындағы мінсіз қызметі үшін» медальдарымен, «Қазақстан полициясына 20 жыл» төсбелгісімен, ҚР ІІМ Алматы қаласы ІІД грамоталарымен марапатталды. Үш қызды тәрбиелеп жатқан еді, деп хабарлайды Алматы қаласы ІІД баспасөз қызметі.
Тағы бір көз жұмған полицей – полиция лейтенанты, Алмалы ауданы ІІБ учаскелік инспекторы Мейрамбек Рахматуллаев 1992 жылы туған. Ішкі істер органдарында 2012 жылдан бері қызметте болған. Осы уақыт ішінде бірнеше рет ҚР ІІМ Алматы қаласы ІІД грамоталарымен марапатталды. Отбасылық жағдайы – үйленген.
Естеріңізге салып өтсек, 18 шілде күні Алматыда Р. Күлікбаев полицейлерге оқ жаудырды. Атыс кезінде құқық қорғау органдарының үш қызметкері оққа ұшты. Кейін тағы бір тәртіп сақшысы ауруханада жан тапсырды.