НАҚТЫ СЕКТОРҒА ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛАДЫ
Қазақстан даму банкі мен «АЛМЭКС» тобы жобаларды қаржыландыру мен шетелдік инвестиция тартуды бірге іске асырмақ, - palata.kz.
«Қазақстан даму банкі («Бәйтерек» ұлттық басқару холдингі» АҚ еншілес ұйымы)» АҚ мен «АЛМЭКС» Холдингтік тобы» АҚ жобаларды бірлесе қаржыландыру мен Қазақстан экономикасына шетелдік инвестиция тарту жөнінде ортақ келісімге келді. Келісім шартқа ҚДБ басқарма төрағасы Болат Жәмішев пен «АЛМЭКС» басқарма төрағасы Мәжит Есенбаев қол қойды.
ҚДБ серіктес ретінде «АЛМЭКС»-пен де, «АЛМЭКС Жоба» ЖШС, «Almex-Baiterek Fund» (тікелей инвестициялар қоры, оның инвесторлары «Бәйтерек» АҚ еншілес компаниясы – «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ мен «АЛМЭКС Жоба» ЖШС) ЖШС сынды холдингтік топтағы аффилирленген компаниялармен де бірге жұмыс істемек.
«ҚДБ өзінің қызметінің құбылуына байланысты қаржылық тәсілдер бағытын кеңейтпек. Өйткені, бұлай істеу клиенттердің бүгінгі сұранысына жауап береді. ҚДБ мен елдегі ірі жекеменшік қаржы холдингімен серіктес болу ұзақ мерзімді капиталды несиеге беруге мүмкіндік тудырады. «АЛМЭКС»-тің ҚДБ-дағы үлескерлік қаржылық салымдарының арқасында осылай етуге мүмкіндік бар. Ол қаржы экономиканың шикізаттық емес саласын дамытуға жұмсалады. Өңдеу саласындағы мол капиталды талап ететін жобаларға салынады. Оның ішінде азық-түлік саласы да бар», – деп түсіндірді ҚДБ басқарма төрағасы Болат Жәмішев.
«АЛМЭКС» басқарма төрағасы ҚДБ әлеуетін жоғары бағалады. «Мемлекет пен жекеменшік серіктестіктің ірі жобаларға инвестиция құятын, жобаның сараптамалық тәсілдерін терең меңгерген, тиімді мониторинг жасай білетін ҚДБ сынды ірі деңгейдегі қаржылық институтпен бірлесу, ел экономикасының түрлі салалары мен секторларындағы жобаларға қан жүгіртетіні анық», – дейді Мәжит Есенбаев. Оның пікірінше, «бұл тәжірибе экономиканың белгілі бір саласына инвестиция құйғысы келетін жеке қаржылық институттарға жақсы үлгі болмақ».
Екі жақ бірлескен жұмыс тобын құруға келісті. Ол топ ортақ жобаларды іздестіріп, тауып, қалай қаржыландыру керек деген мәселелерді реттейтін болады. Бұл жобаларға тікелей инвестиция мен несие бөлінеді және серіктестіктің жұмыс нәтижесіне мониторинг жасалады.
«АЛМЭКС» – қаржылық нарықта инвестициялық қызметті жүзеге асыратын, банктік қызметін қоса орындайтын, «Қазақстанның Халықтық банкі» АҚ еншілес компаниясы және «Сақтандыру брокері Қазақстан» АҚ арқылы Қазақстан, Ресей, Қырғызстан елдеріне ұжымдық және жекелей қызмет көрсететін қаржылық холдинг.
«Қазақстан Даму Банкі» АҚ – Қазақстан экономикасының шикізаттық емес әрі құрылымдық секторларын дамыту және жаңғырту жөніндегі Ұлттық даму институты. Ол 2001 жылы құрылған. ҚДБ «Бәйтерек» Ұлттық басқару холдинг» АҚ құрылымына кіреді. Негізгі қызмет бағыты: өндірістік құрылымдар мен өңдеу өндірісін дамыту, ел экономикасына іштен және сырттан инвестиция тарту. ҚДБ ел ішіндегі индустриалды-инновациялық мемлекеттік бағдарламалардың ең ірі инвестициялық операторларының бірі.