ЕЛ АУМАҒЫНЫҢ БАСЫМ БӨЛІГІНДЕ 1 ТАМЫЗДА НАЙЗАҒАЙ ЖАРҚЫЛДАП, ЖАҢБЫР ЖАУАДЫ
Атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде 1 тамызда найзағай жарқылдап, жаңбыр жауады, жел тұрады, кейбір жерлерде бұршақ жаууы мүмкін. Сондай-ақ кей жерлерде тұман түсуі ықтимал.
Ақмола, Қостанай облыстарында кей жерлерде күн күркіреп, найзағай жарқылдайды тұман, желдің жылдамдығы 15-20 м/с. Батыс Қазақстан, Қарағанды, күндіз Жамбыл, Атырау облыстарында кей жерлерде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа жетуі ықтимал. Алматы облысында кей жерлерде күн күркіреп, найзағай ойнайды. Павлодар облысында кей жерлерде жел күшейіп, жылдамдығы15-20 м/с-қа жетеді. Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде найзағай жарқылдап, тұман түседі, күндіз кей аудандарда жылдамдығы 15-20 м/с. жел тұрады. Бұршақ жаууы ықтимал. Атырау, Батыс Қазақстан, сондай-ақ Ақтөбе мен Маңғыстау облысының кей жерлерінде аптап ыстық күтілуде. Қызылдорда облысының басым бөлігінде, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде өрт шығу қаупі аса жоғары.