300 МЛН. ТЕҢГЕ ЭЛЕКТР ЖЕЛІЛЕРІНДЕГІ АҚАУЛАРДЫ ЖОЮҒА ЖҰМСАЛАДЫ
Жыл соңына дейін Қызылордада «Өндіріс» индустриалдық аймағының электрмен жабдықтау жүйелерінің құрылысы аяқталады. «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы аясында мақұлданған жобаны аяқтау үшін республикалық және облыстық бюджеттерден және Ұлттық қордан барлығы 611 млн. теңге бөлінді.
«Сыр Медиа» ЖШС жанындағы ОКО брифингінде облыстық энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Ержан Әбдіхалықов мәлімдегендей, өткен жылы нысан құрылысына бөлінген 1,7 млн. теңге толығымен игерілді.
- Одан басқа, облыс әкімінің қаулысымен облыстық бюджеттен Қызылорда электр тарату тораптары компаниясының жарғылық қорын ұлғайтуға 300 млн. теңге қарастырылды. Бұл қаражат электр желілеріндегі техникалық талаптарға жауап бермейтін ақауларды жоюға бағытталады, - деді басқарма басшысы.
Қазіргі уақытта облыста аяқталған жобалар бойынша электр нысандарын төлқұжаттандыру жұмыстары жүргізілуде.