ӨРТ-ТАКТИКАЛЫҚ ОҚУ-ЖАТТЫҒУЫН СӘТТІ АЯҚТАДЫ
Қызылордадағы «Мекемелер үйі» ғимаратының 2-қабатындағы кеңседегі шартты өртті жою үшін өрт-тактикалық оқу-жаттығуы өтті.
7 қабатты ғимарат құрылыс алаңының көлемі 5000 шаршы метрді алып жатыр. Онда техникалық және цоколь қабаттар да бар. Сонымен қатар нысан корпустарында қазіргі заманғы 7 көтергіш (лифт) орналасқан.
Шарт бойынша 800-ден астам адам әкімшілік ғимаратында болды. Температураның жоғарылауына байланысты бөлме ішіндегі өрт дабылы қондырғысы қосылды. Нысанның ерікті өрт сөндіру жасағы осы кезде жеделдетіп адамдарды көшіруді жүзеге асырды. Сонымен бірге ғимарат кезекшісі «101» нөміріне өрт туралы хабарлама жеткізді.
Бірнеше минут ішінде оқиға орнына 8 өрт сөндіру автокөлігі, Оңтүстік өңірлік аэроұтқыр жедел құтқару жасағының құтқарушылары, Апаттар медицинасы орталығы филиалының дәрігерлері, полиция бөлімінің қызметкерлері және қаланың коммуналдық қызметкерлері жетті.
Жаттығу барысында адамдарды құтқару үшін шұғыл қызметтердің арасындағы жедел іс-әрекет атқарылды. Өрт сөндірушілер өрт сөндіру дағдыларын және жоғарғы қабаттардан адамдарды көшірудің іс-әрекетін пысықтады.
«Өрт» 25 минутта оқшауланып, жойылды.
Қызылорда облысы ТЖД Өрт сөндіру және
авариялық-құтқару жұмыстары қызметі ММ