ОҚУДАН ШЫҒЫП ҚАЛҒАН СТУДЕНТТЕР БЮДЖЕТ ҚАРЖЫСЫН ҚАЙТАРУЫ КЕРЕК
Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетiнiң төрағасы Қозы-Көрпеш Жаңбыршин комитет отырысында оқудан шығып қалған студенттердi бюджеттен жұмсалған қаржыны қайтаруға мiндеттеудi ұсынды. Бұл қаржы 1 млрд теңгеге жуықтайды, деп хабарлайды BNews.kz тiлшiсi.
«Академиялық берешегi бар 366 адам оқудан шығарылды. Олар iшкi тәртiптi бұзған. Студенттердiң оқуына шамамен 1 млрд теңге жұмсалды. Бiз олардан осы қаржының өтеуін талап етемiз. «Болашақ» бағдарламасының тәжірибесін енгізу керек», - дедi төраға.
Жаңбыршиннiң ұсынысына ҚР БҒМ өкiлдерi «жақын арада бұндай механизмдi жасау мүмкін емес» деп жауап бердi.
«Бұны сiздер де, мен де шешпеймiн. Бiрақ, осындай механизм жасау керектiгiне қатысты ешкiмде күмән болмауы керек деп ойлаймын. Азаматқа оқуға ақша бөліндi. Ол нашар оқығаны үшiн оқудан шығарылды. Яғни, iшкi тәртiптi бұзып отыр. Менiң ойымша, ақшаны өтеудiң қандай да бiр механизмi болуы керек», - дедi Қ.Жаңбыршин.
Ал Есеп комитетiнiң мүшесi Совхозбек Құлмағанбетов жалпы еліміздің барлық оқу орнында кемшiлiктер болып жатыр деп мәлiмдедi.