ЕЛІМІЗДІҢ БАТЫСЫ МЕН ОҢТҮСТІК-БАТЫСЫНДА КҮН АШЫҚ
Республиканың басым аумағында атмосфералық ағымдардың өтуінен жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел соғады. Тек еліміздің батысы мен оңтүстік-батысында күн ашық, деп хабарлайды BNews.kz.
Қазгидрометтің ақпаратынша, Ақмола, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін барады. Алматы, Жамбыл облыстарының кейбір аудандарында жел тұрып, бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстік Қазақстан, Павлодар өңірлерінде де жел күшейеді.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі деп күтілуде. Қарағанды облысында жел соғып, тұман түседі, бұршақ жаууы ықтимал. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел тұрып, күндіз бұршақ түсуі мүмкін. Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарында жоғары өрт қаупі сақталады.