ДИЗЕЛЬ ОТЫНЫНЫҢ БАҒАСЫ ЖАЗДА КӨТЕРIЛГЕНIМЕН, ҚЫСТА ТӨМЕНДЕЙДI
Дизель отынының бағасы жазда көтерiлгенiмен, қыста қайта орнына келедi. Бұл туралы ҚР Энергетика вице-министрi Әсет Мағауов дизель отынының бағасын мемлекеттiк реттеуге қатысты жиында мәлiмдедi, - деп жазады BNews.kz.
«Қазақстанда дизель отынының бағасын мемлекеттiк реттеу алынып тасталса, отын бағасы литрiне 115 теңгеге қымбаттауы мүмкiн. (Қазiргi баға 99 теңге). Бiрақ, қысқы кезде мұнай өндiру зауыттары шығаратын дизель отынының бағасы төмендеуi мүмкiн. Өйткенi, қысқы мерзiмде тұтынушылар күрт азайып кетедi. Сондықтан нарыққа сәйкес, жаздың кезiнде 115 теңге болса, қыс кезiнде баға қайта орнына келуі керек деп ойлаймыз», - дейді вице-министр.
Жиынға Энергетика министрлiгiнiң өкiлдерi, мұнай зауыттары, компаниялар, iрi жанар-жағармай құю стансаларының өкiлдерi қатысты. Олардың барлығы дизель отының бағасын мемлекеттiк реттеудi алып тастауды қолдап отыр.
Айта кетейік, қазiргi таңда Қазақстандағы дизель отынының бағасы Ресейден екi есе арзан. Ресейде 1 литр отынның бағасы шамамен 185 теңге болса, Қырғызстанда литрi шамамен 160 теңге. Мемлекеттiк реттеудi алып тастау арқылы дизель отынының тапшылығының алдын алуға болады.
«Себебi, қазiргi таңда көршi елдер арзан отынды Қазақстаннан көптеп сатып алады. Әсiресе, елiмiзбен шекаралас облыстарда отын жақсы сатылып жатыр. Транзиттiк көлiктiң басым бөлiгi елiмiзден отын алады. Қазақстанда дизель отынының қоры 200 мың тонна, сонда да бұл жағдай қала берсе, болашақта отын жетiспеушiлiгi қалыптасуы мүмкiн», - дейдi вице-министр.