АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ ТАУАР ӨНДІРУШІЛЕРДІҢ НАЗАРЫНА!
Бүгінде «Атамекен» ҚР ҰКП жанынан құрылған Агроқұзыр орталығы ауылшаруашылық субъектілерін ақпараттық-кеңес беру қызметімен қамтамасыз етіп, ауылшаруашылық нарығына талдау зерттеулерін жасауда. Ол үшін ауылшаруашылық субъектілеріне тәжірибелік кеңес беру үшін отандық және шетелдік сарапшылар мен мамандар шақырылуда.
29-30 шілдеде облысқа қарасты Сырдария ауданындағы белді шаруашылықтың бірі «Мағжан және К» ЖШС базасында егін шаруашылығы саласының «Күріш» бағытында Ресей ғылым Академиясының академигі В.С.Ковалевтің қатысуымен семинар өткізілетіндігін хабарлаймыз.
Семинар барысында облысымызда және Ресей Федерациясында күріш өсірудің тиімді технологиялары туралы дәрістер оқылып, практикалық сабақтар көрсетіледі.
Семинарға қатысушыларды 29-30 шілде күні сағат 09-00-де Ы.Жахаев атындағы «Күріш шаруашылығы ҒЗИ» ғимаратында күтетіндігімізді хабарлаймыз.
Айта кету керек, семинардың теориясы Қызылорда қаласындағы Ы.Жахаев атындағы «Күріш шаруашылығы ҒЗИ» ғимаратында (29-30 шілде күндері түске дейін), практикалық жалғасы Сырдария ауданындағы «Мағжан және К» ЖШС нысанында (29-30 шілде күндері түстен кейін) өткізіледі.
Қызылорда облысының
кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі