ҚАЛА ӘКІМДІГІНДЕ БІРҚАТАР ТАҒАЙЫНДАУ БОЛДЫ
Қызылорда қаласы әкімінің 2016 жылғы 25 шілдедегі №177 өкіміне сәйкес Жәлиев Нұрхан Бұхарбайұлы қала әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды.
Ол 1968 жылы Қармақшы ауданы Жосалы кентінде дүниеге келген. Жоғары білімді. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық мемлекеттік университетін тарих және қоғамдық пәндер оқытушысы, Қазақ мемлекеттік заң университетін заңгер мамандығы бойынша бітірген.
Қармақшы аудандық ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі боп мемлекеттік қызметке араласқан ол осы салада бірнеше басшылық қызметте болды. Бұған дейін «Сыр Медиа» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарған.
Бүгін қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев бұдан да басқа тағайындаулар туралы мәлімдеп, бірқатар басқарманың жаңа басшыларын таныстырды. Атап айтқанда, қалалық жер қатанастары бөлімінің тізгінін Сәрсембаев Берік Әбдіғаппарұлы ұстаса, қалалық қаржы бөлімін Иманқұлов Әлсейіт Аманжолұлы басқаратын болды. Қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы қызметіне Жанұзақов Қуаныш Қуантқанұлы тағайындалды.