«АРАЙ SUNRISE» ЛАГЕРІ 20 ЖЫЛДЫҒЫН АТАП ӨТТІ
«ПетроКазақстан ҚұмкөлРесорсиз» компаниясы беделді мұнай мекемесі ретінде ғана емес, қайырымдылық жобаларымен де белгілі. Компанияның қолдауымен қалада «Арай Sunrise» лагері жұмыс жасауда.
«Қоғам» телеарнасы хабарлағандай, қызылордалық балақайлардың сүйікті мекеніне айналған лагерьдің ашылғанына 20 жыл толды. Мереке осында кең көлемде аталып өтті. Тәрбиешілер мен демалушы жастар оған жақсы дайындалған. Арнайы концерттік бағдарлама құрған. Ұл қыздар мың бұралып билеп, әсем әннен шашу шашып, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.
Бүгінгі таңда лагерьде түрлі бағыттағы 20 үйірме жұмыс жасайды. Тәрбиешілердің еңбегі мереке күні еленді. Петроқазақстандықтар бірқатар лагерь қызметкерлерін алғыс хатпен марапаттады.