МАСАҢ КҮЙІНДЕ КӨЗГЕ ТҮСІП ҚАЛҒАН МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІГЕ ҚАТАҢ СӨГІС ҚОЛДАНУДЫ ҰСЫНДЫ
Қызылордада Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті. Онда Сырдария ауданы әкімінің міндетін атқарушы Нұржан Өмірсерікұлының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жүргізіліп жатқан шаралар нәтижесі және тәртіптік комиссияның жұмыс есебі тыңдалды.
Әдеп жөніндегі кеңес есепті тыңдап, аудан басшылығына мемлекеттік органдардың қызметкерлері арасында мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамалардың талаптарын қатаң сақтауды және құқықтық оқытулар ұйымдастыруды ұсынды.
Отырыста сондай-ақ қоғамдық орындарда ішімдік ішіп, масаң күйде жүрген Қармақшы аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Талғат Қатарбаевтың тәртіптік ісі қаралды.
Тәртіптік істі қарау нәтижесімен Әдеп жөніндегі кеңес мүшелерімен аудан әкіміне Талғат Қатарбаевқа «қатаң сөгіс» түріндегі тәртіптік жазаны қолдану ұсынылды.
Бұдан кейін отырыста сатып алу электронды конкурсында жеңімпаз ретінде анықтауда «Сыр Маржан» ЖШС-не заңсыз артықшылық көрсетіп, бұзушылықтарға жол берген Қазалы ауданы, Көларық ауылдық округінің әкімі Серікбай Қанатовтың, бас мамандары Тамара Дәрмағамбетованың және Серік Өмірзақовтың тәртіптік істері қаралды.
Әдеп жөніндегі кеңеспен аудан әкіміне Көларық ауылдық округінің әкімі Серікбай Қанатовқа «қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту» түріндегі тәртіптік жазаны қолдануды ұсынды. Көларық а/о бас мамандарын аталған жаза түріне тартады.
Күн тәртібінде соңғы мәселемен жеке тұлғаға қосымша жер телімін табыстау барысында заңсыз артықшылықтар көрсеткен Қызылорда қалалық жер қатынастары бөлімінің сектор меңгерушісі Ғалымжан Еркебайдың, Қызылорда қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Пакуатдин Шамұратовтың, Қызылорда қаласы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы Жақсылық Төлегеновтың тәртіптік істері қаралды.
Қарау нәтижесімен, Әдеп жөніндегі кеңес Қызылорда қаласының әкіміне және қалалық жер қатынастары бөлімінің басшысына жоғарыда аталған қызметшілерге «қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту» түріндегі тәртіптік жазаны қолдануды ұсынды.
Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері департаментінің баспасөз қызметі