ЖЕРГІЛІКТІ БАУ-БАҚША ӨНІМДЕРІН ҚОРЫҚПАЙ ЖЕЙ БЕРУГЕ БОЛАДЫ
Жергілікті бау-бақша өнімдерін енді қорықпай пайдалана беруге болады. Санитарлық дәрігерлер осындай қорытынды жасады, - деп хабарлады «Қоғам» телеарнасының тілшісі.
Олар жүзден астам қауын-қарбыз, қызанақты тексергенде құрамында ешқандай нитрат анықталмаған. Базар сөрелерінде 10 келілік қарбыз және өзге де қауындардың сорттары көрші Жаңақорған және Шиелі аудандарынан әкелінген. Санитарлық дәрігерлер сараптамалық орталық қызметкерлерімен бірігіп сол жерде-ақ тексеру жүргізді.
Енді бау-бақшалық және оңтүстік өңірлерден әкелінетін өнімдерді қорқынышсыз сатып алуға болады. Микробтардан уланып қалудан сақтану үшін сапасыз және жарылған қауындар мен қарбыздарды тұтынуға тыйым салынады. Сонымен қатар мүлдем сатушыға шақпақ салдыртуға болмайтынын ескертеді.
Қызылордалықтар бақша өнімдерін тек сауда орындарында ғана сатып алуы керек. Себебі базар сатушыларының қолында өнімнің сапасы мен қауіпсіздігі туралы құжаттары бар.