87 МЛН. ТЕҢГЕ БЮДЖЕТ ҚАРЖЫСЫ ҮНЕМДЕЛДІ
Жыл басынан бері Қызылорда облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы 4 млрд. 905 млн. теңгеге 12 мемлекеттік сатып алу өткізіп, 87 млн. теңгені үнемдеді. Бұл туралы бүгін «Сыр медиа» ЖШС жанындағы ОКО брифингінде облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы Жанзира Ерсейітова мәлімдеді.
Аймақ басшысының төрағалығымен облыстық маңыздағы Самара-Шымкент-Тереңөзек автомобиль жолындағы көпірді күрделі жөндеу бойынша тендер өтті. Қазіргі күні Арал және Қазалы аудандарында «Нұрлы жол» бағдарламасы шеңберінде басқарманың ұйымдастыруымен 2 конкурс бойынша алдын ала рұқсат беру процедуралары жүргізілуде.
- 2015 жылы заңбұзушылықтар тізілімі құрылды. Әрбір құқықбұзушылық бойынша сараптама жүргізіліп, себептері анықталады. Осыған дейін қаржылық бақылау органдары 92, бақылау комиссиясы 25 құқықбұзушылықты анықтады, - деді Жанзира Ерсейітова.