ЖАРИЯ ЕТІЛГЕН МҮЛІКТІҢ БАҒАСЫ БОЙЫНША ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ 7 ОРЫНДА
Қызылорда облысы бойынша мүлікті жария ету жұмыстары жалғасуда. Бүгін «Сыр медиа» ЖШС жанындағы облыстық коммуникация орталығында өткен брифингте Қызылорда облыстық қаржы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Елена Шаврова 2016 жылғы 1 шілдедегі жағдайы бойынша облыста жалпы құны 13,2 млрд теңге болатын 1765 жылжымайтын мүлікті жария етуге барлығы 1491 өтініш түскенін айтып өтті.
- Оның ішінде тұрғын үй емес – 998, коммерциялық – 824, тұрғын үй – 767. Түскен өтініштер бойынша жалпы құны 12,3 млрд теңге болатын 1269 өтініш бойынша 1506 жылжымайтын мүлік жария етілген 68 931,0 мың теңге болатын 98 жинақ шоты ашылды, - деді Е.Шаврова.
Айта кету керек, жария етілген мүліктің бағасы бойынша Қызылорда облысы 7 орында.
Шынар БЕКБАН