САРБАЗДАРМЕН КЕЗДЕСТІ
Атырау қаласындағы Ішкі істер министрлігіне қарасты Ұлттық Ұлан 5546 әскери бөліміне биылғы жылдың көктемгі мезгілінде әскерге аттанған сарбаздармен Қызылорда облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы генерал-майор Ә.Ерниязов кездесті. Бұл туралы департаменттің баспасөз қызметі хабарлады.
Кездесу барысында алдымен сарбаздардың хал-жағдайларын сұрап, күнделікті әскери өмірдегі жұмыс кестесімен танысты. Сонымен қатар, командирлерден жерлестеріміздің тәртібі мен тапсырмаларды орындау қабілеттілігі туралы да сұрады. Қуантататын жайт, Сыр оғландары өздерін жоғары дәрежеде көрсетіп, жақсы қырларынан танылуда.
Естеріңізге сала кетсек, көктем – 2016 әскерге шығарып салу науқаны сәуір айының 14 мен маусым айының 25 аралығына ұйымдастырылған болатын. Қызылорда облысынан Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері басқада әскерлермен әскери құрылымдарға 700-ден аса азаматтар Отан алдындағы борышын өтеуде.