АВТОЖҮРГІЗУШІЛЕРІ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН ХҚКО-ДА МЕДИЦИНАЛЫҚ КОМИССИЯДАН ӨТЕ АЛАТЫН БОЛАДЫ
Енді Алматы мамандандырылған ХҚКО-сы пилоттық жобаның шеңберінде жүргізуші куәліктерін алу үшін қажетті толық көрсетілетін қызметтер циклін ұсынады. «083у» анықтаманы ала отырып, медициналық байқаудан өту мүмкіндігі соңғы аяқтаушы кезең болды.
Алматының мамандандырылған ХҚКО-сында қазірдің өзінде қажетті құрал-жабдықтары бар медициналық кабинет жұмыс жасауда. Байқауды терапевт, хирург, офтальмолог, отоларинголог, невропатолог жүргізеді. Жүргізуші куәлігін алу үшін талап етілетін «083у» анықтаманың құны – 3500 теңгені құрайды.
«Шоферлік комиссия» деп аталатын жобаны енгізу – жүргізуші куәліктерін беру рәсімін жеңілдетуге жасалған алғашқы қадам емес. Мамыр айынан бастап Алматының мамандандырылған ХҚКО-да психоневрологиялық және наркологиялық диспансерлердің мамандары жұмыс жасауда. Енді осы жерде «083у» нысанындағы анықтаманы да алуға болады. Осылайша, автоәуесқойларға бір ғана мамандандырылған аумақта барлық көрсетілетін қызметтер спектрін алуға болады», - дейді журналистерге мамандандырылған ХҚКО басшысы Ерлан Шуренов.
Дәрігер-наркологтар мен психиаторлар Алматының мамандандырылған ХҚКО-сында ғана емес, сол сияқты Қарағанды, Ақтау және Тараз қалаларының мамандандырылған ХҚКО-ларында да жұмыс жасап жатқандығын еске саламыз. Жылдың соңына дейін астаналық автокөлік иелері де мамандандырылған ХҚКО-да психо және нарко диспансерлердің анықтамаларын алатын болады.
Бүгінгі күні республикада Астана, Алматы, Қарағанды, Ақтау және Тараз қалаларындағы автокөлік иелері үшін 5 мамандандырылған ХҚКО жұмыс жасап жатқандығын еске саламыз. 2015 жылдың басына қарай осындай 4 ХҚКО-ны Қызылорда, Петропавл, Павлодар және Талдықорған қалаларында іске қосу жоспарланып отыр.
Анықтама ретінде: 8 ай ішінде Қазақстанның мамандандырылған ХҚКО-ларында 83 065 жүргізуші куәлігі берілді, 368 329 автокөлік құралы тіркелді/қайта тіркелді.