ЕЛІМІЗДЕ СҰЙЫТЫЛҒАН МҰНАЙ ГАЗЫНА ЖАҢА ШЕКТІ КӨТЕРМЕ БАҒА БЕЛГІЛЕНДІ
Еліміздің ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын тұрақты түрде жеткізуді қамтамасыз ету және өндіруші зауыттардың шығындарын азайту мақсатында ҚР Энергетика министрлігінің бұйрығымен 2016 жылдың 30 қыркүйегіне дейінгі кезеңде сұйытылған мұнай газының ішкі нарықтағы шекті көтерме бағасы тоннасына 23106,45 теңге болып белгіленді, деп хабарлайды BNews.kz.
Еліміздің «Газ және газбен қамту туралы» Заңына сәйкес сұйытылған мұнай газының ішкі нарықтағы шекті көтерме бағасын ҚР Энергетика министрлігі белгілейді және ол еліміздің барлық аймағында әрекет етеді.
Газдың ішкі нарықтағы шекті көтерме бағасын белгілеу ішкі нарықта тауарлық және сұйытылған мұнай газының шекті көтерме бағасын айқындау ережесіне сәйкес жүзеге асырылады.
Атап айтқанда, 2015 жылдың ақпанында сұйытылған мұнай газының еліміздегі көтерме бағасы тоннасына 11033,91 теңге деңгейінде белгіленді. Бұл көрші елдермен салыстырғанда бірнеше есе арзан (Ресей – 59019 теңге/тонна, Тәжікстан – 104864 теңге/тонна), яғни сұйытылған мұнай газын өндірушілер үшін ішкі нарыққа сұйытылған газ жеткізу тиімсіз.
Министрлік әкімдіктерге, ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетіне, ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне ішкі нарық үшін сұйытылған мұнай газының бөлшек сауда бағасының өсуіне жол бермеу жөнінде қажетті шаралар қабылдауды ұсынды.