«МЕДИЦИНАЛЫҚ ПОЙЫЗДАР» ЖОБАСЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУҒА 300 МЛН ТЕҢГЕ БӨЛIНДI
2016 жылы «Денсаулық», «Жәрдем» және «Саламатты Қазақстан» медициналық пойыздары жобасын жүзеге асыруға 300 млн теңгеге жуық қаражат бөлiндi. Бұл туралы «Самұрық-Қазына TRUST» әлеуметтiк жобаларды дамыту қорының басқарушы директоры – ресми өкiл Лима Диас ОКҚ брифингi барысында айтты, деп хабарлайды BNews.kz тiлшiсi.
«2016 жылы «Самұрық-Қазына» компаниялар тобы әлеуметтiк жобаларды дамыту қоры арқылы «Денсаулық», «Жәрдем» және «Саламатты Қазақстан» медициналық пойыздар қызметiн жүзеге асыруға 300 млн теңгеге жуық қаражат бөлдi», - дедi Лима Диас.
Ресми өкiлдiң мәлiмдеуiнше, «Қазақстан темiр жолы» ҰК» АҚ жобаны техникалық жағынан қамтамасыз еткен, яғни пойыздар бөлдi. Ал ҚР IIМ ТЖК өңiр тұрғындарына қызмет көрсететiн мамандармен қамтыды.
Айта кетейік, биыл денсаулық пойыздары Қазақстан тәуелсiздiгiнiң 25 жылдығына орай өңiрлердi аралауда. Пойыздарды ҚР IIМ ТЖК «Апаттар медицинасы темiр жол госпитальдары» АҚ, «Қазақстан темiр жолы» ҰК» АҚ және ҚР ДСӘДМ бiрлесiп iске қосты.