ҚАЗАҚСТАНДЫҚ СУПЕРМАРКЕТТЕР ОТАНДЫҚ БИОПАКЕТПЕН ТОЛЫҒАДЫ
Ол жүгері крахмалынан жасалған. Осылайша, қоршаған ортаға өз зиянын тигізбейді. Жаңа жобаны астаналық екі кәсіпкер қолға алып отыр, деп хабарлады «24 кз».
Мирас Аббасов пен Батырхан Жұманов осыдан бір жыл бұрын өз кәсібін бастауға бел буды. Олар биопакет шығарамыз деп шешті. Кәсіпкерлер банктің көмегінсіз бұл бизнестің кірпішін қалай алды. Бүгінде шағын мекемеде 3 адам еңбектенеді. Кәсіпорынды жөндеуге, техника алуға, тауарды сертификаттауға бір жыл уақыттары кетті. Ал, қазір өз істерін бастауға дайын.
Мирас Аббасов, техникалық директор:
- Полимерлі қабықты өндіру жұмысы осы бункерден басталады. Оны алдымен шикізатпен толтырамыз, жүгері крахмалынан өндірілген қышқылды құямыз. Дән осы жылы аумақпен өтіп қызғасын, одан соңында осындай қабық аламыз.
Кәсіпорын алғашқы тапсырыс берушілерін де тапты. Ірі супермаркет желісі биопакетке қызығушылық танытып отыр. Мирас пен Батырхан алдағы уақытта күллі Қазақстанды қамтуды көздейді. Жоспар бойынша жылына 5 млн пакет өндірмек.
Батырхан Жұманов, кәсіпкер:
- Биопакеттерді нарыққа ендіру, әрине, бір шетінен қауіпті. Өйткені, ол – жаңа тауар. Біздің өнімнің артықшылығы, ол бір жылдың ішінде өздігінен бұзылады. Яғни, табиғатқа зияны жоқ. Ал, пластикалық пакет 500 жылға дейін жата береді.
Кәсіпкерлер құрылғыларын Қытайдан алдырған. Негізгі шикізат жүгері крахмалын да сол жақтан әкеледі. Одан табиғи өнім жасап шығарады. Айтуларынша, бұл биопакеттер қоршаған ортаға еш зиянын тигізбейді.