СЫР ӨҢІРІНІҢ ШАЛҒАЙ ЕЛДІ МЕКЕНДЕРІНДЕ КӘСІПКЕРЛІКПЕН АЙНАЛЫСАТЫНДАР КӨБЕЙДІ
Мемлекеттік қолдаудың арқасында Сыр өңірінің шалғай елді мекендерінде кәсіпкерлікпен айналысатындар көбейді, деп хабарлады «24 кз».
Сырдария ауданында соңғы жылдары шағын және орта бизнес субъектілерінің саны артқан. Нәтижесінде 5 мыңнан астам адам тұрақты жұмыспен қамтылды.
Марат Қайранбаев – III топтағы мүгедек. Жәрдемақыға телміріп отырғысы келмеді. Өткен жылы техникалық жөндеу бекетін ашты. «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы арқылы жеңілдетілген 5 млн теңгеге қол жеткізді. Мұнда темірді кесу-тесу, жону қондырғыларын сатып алып, қызмет көрсетіп келеді.
Марат Қайранбаев, кәсіпкер:
- Қосымша тағы жер алдық. Оған келешекте цех ашамыз. Ауданда жеңіл көліктерге вулканизация бар. Содан біз доңғалақ жөндеу қондырғысын орнатайын деп жатырмыз. Осы жылдың аяғына дейін қалайда қосу керек болып тұр. Сол кезде 4 адам жұмыс істейді.
Асқар Тоқмағамбетов ауылының тұрғыны Шолпан Шәрипованың да аяқтан тұрып кетуіне де мемлекеттік қолдау демеу болды. Бірнеше жыл бұрын елді мекендегі жалғыз сиыр фермасы жабылып, жұбайы екеуі жұмыссыз қалған-ды. Бала-шағасын асырау үшін жеке өзі мал өсірумен айналысуды жөн көрді. «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасымен алынған қаржыға 50 қой, келер жылы 20 сиыр мен 15 жылқы алады. Қазір енді құс шаруашылығымен айналысуға бел буып отыр. Жалпы өз кәсібін ашуға ынталы жандар ауданда көп көрінеді.
Ләззат Қозыбаева, Сырдария аудандық кәсіпкерлік, өндіріс және туризм бөлімінің басшысы:
- «Бизнестің жол картасы» бірыңғай бағдарламасы бойынша 20 млн теңгені құрайтын 5 жоба қаржыландырылды. «Микробизнес Қызылорда» бағдарламасы бойынша 9 жоба өткен жылы қаржыландырылды. Үстіміздегі жылы 20 жоба ұсынылып, 137 млн теңгені құрайтын 5 жобасы қаржыландырылды.
Жыл басынан бері аудандағы шағын және орта бизнес құрылымдарының саны екі есеге өсті. Еңбекқор, ізденімпаз жандардың бастамалары туған өлкені түлетуде үлесі мол.