АТЫРАУДА НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ ВЛАДИМИР ПУТИНМЕН КЕЗДЕСЕДІ
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Атырау облысына жұмыс сапарымен келді. Сапар аясында Елбасының Атырау қаласында бірқатар нысандарға баруы жоспарлануда, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметінен.
«Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаевтың Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен екіжақты кездесу өткізуі, сондай-ақ екі ел басшыларының Қазақстан мен Ресейдің ХІ өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысуы күтілуде», делінген хабарламада.