«НҰРЛЫ ЖОЛ» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА САЛЫНҒАН БАСПАНАЛАРДЫҢ САПАСЫМЕН ТАНЫСТЫ
«Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы бойынша Қызылордада салынған тұрғын үйлер мен құрылыс алаңдарына рейд жүргізілді, - деп хабарлады «Нұр Отан» партиясы қалалық филиалынан.
Рейдке ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Г.Шиповских, партия филиалының консультанты М.Төлеқожа, бас мердігер мекемелердің басшылары қатысты. Рейд барысында Г.Шиповских «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша қолданысқа берілген үйлердің тұрғындарымен кездесіп, баспаналардың сапасымен танысты. Тұрғындар үйлерінің сапасының жоғары екенін айтып, ризашылықтарын білдірді.
Келесі нысан Көшербаев көшесі бойында орналасқан 280 орындық балабақша құрылыс нысан алаңы болды. Объектіге 510 млн. теңге бөлінген. Жоспар бойынша жаңа балабақша қала тұрғындарына 2016 жылдың 21 тамызынан бастап беріледі.