50 ЖОБА – 5000 ЖҰМЫС ОРНЫ
Индустрияландыру бағдарламасының екінші бесжылдығы аясында Сыр өңірінде 387,7 млрд. теңгенің 50 жобасын іске асырып, 5000-нан астам жұмыс орнын құру көзделген. Бұл туралы «Сыр Медиа» ЖШС жанындағы ОКО брифингінде облыстық индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Ринат Сұлтангереев мәлімдеді.
Оның басым бөлігі кәсіпкерлікті қолдауға негізделген. 4,7 мыңнан астам жұмыс орны осы бағытта құрылмақ.
- Бүгінде Инвестициялар және даму министрлігіне Шалқия кенішін игеру, кальцийлендірілген сода шығару жобалары жолданды. Олар жүзеге асқан жағдайда 2,2 мыңнан астам жұмыс орны ашылады, - деді Ринат Сұлтангереев.
Аталған жобалар көп ұзамай өнеркәсіп қауіпсіздігі кеңесінде қаралып, республикалық индустрияландыру картасына қосылады.
Назерке САНИЯЗОВА