ШИКІ МҰНАЙ ӨНДІРІСІ КЕМІП, ЕСЕСІНЕ ӨҢДЕУ ӨНЕРКӘСІБІНДЕ ӨРЛЕУ БАЙҚАЛАДЫ
Қызылордада шикі мұнай өндіру көлемі жылдан-жылға азайып барады. Жыл басынан бері құны 173 млрд. теңгені құрайтын 3 936,6 мың тонна шикі мұнай өндірілген. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 586,2 мың тоннаға кем.
Бүгін «Сыр Медиа» ЖШС жанындағы ОКО брифингінде облыстық индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Ринат Сұлтангереев осы жағдайдың өнеркәсіп саласының төмендеуіне себеп екенін айтты.
- Шикі мұнай өндіру көлемінің төмендеуіне қарамастан индустриялық карта аясында іске қосылған жобалар мен бұрыннан жұмыс жасап келе жатқан кәсіпорындардың арқасында өңдеу өнеркәсібі саласында жылдан-жылға өсу қарқыны жоғарылауда, - деді басқарма басшысы.
Биыл алты айда өңдеу өнеркәсібі саласында 58,8 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылдың ұқсас кезеңіндегі көрсеткіштен 23,3 пайызға артқан.
Назерке САНИЯЗОВА