ҚЫЗЫЛОРДАДА «АЙҚЫН ТАРИФ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ОТЫРЫС ӨТТІ
«Нұр Отан» партиясының Қызылорда қалалық филиалында «Айқын тариф» партиялық жобасы шеңберінде мемлекеттік органдар және коммуналдық шаруашылық мекемелері өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Тариф қалыптастыру мәселелері қаралған басқосуға қалалық мәслихат депутаттары мен партия ардагерлері және тұтынұшылар қатысты, - деп жазады партия сайты.
«Нұр Отан» партиясы Қызылорда қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ш.Әбдірахманов атап өткендей, тариф қалыптастыру мәселері ең бірінші кезекте тұтынушылар мен мемлекеттік органдар үшін өте маңызды фактор. Өйткені бұл мәселе қарапайым халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайына тікелей әсер етуші сегменттердің бірі болып табылады. Сондықтан оған үлкен жауапкершілікпен қарау керек.
«Энергосервис» ЕЖШС директоры Еркебұлан Есенбаев электр тарату жүйесінде бірқатар шешімін таппай келе жатқан сұрақтардың әлі де барын жоққа шығармады. Дегенмен, тұтынушыларға қызмет көрсету деңгейі өсіп келе жатқанын да айтып өтті.
Сонымен қатар, су мәселесі де сынға алынды. «Қызылорда су жүйесі» МКК бас инженері Н.Баярыстановтың айтуынша, қазіргі таңда халық тұтынып отырған судың сапасы бұрынғы жағдайға қарағанда әлдеқайда жақсарған. Нақты айтқанда, қаланың едәуір бөлігіне су скважинадан жеткізіліп отыр.
Кездесу соңында жиынға қатысушылар тарапынан көптеген ұсыныс-пікірлер айтылып, алдағы уақытта жоғарыда аталған кемшіліктерді жоюға бағытталған іс-шаралар қолға алынатыны белгілі болды.