АУЫЛДЫҚ ЖЕРДЕН ТАҒЫ БІР ЖОБА МЕМЛЕКЕТ ҚОЛДАУЫН АЛДЫ
Қызылорда облысынан «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың біріңғай бағдарламасы аясында ауылдық жерден тағы бір жоба мемлекет қолдауын алды.
Кәсіпкерлікті қолға алғандар құрдымға кетіп жатыр дегенді әзірге естігеніміз жоқ. Керісінше мемлекеттің қолдауына ие болып, жағдайларын барынша түзетуге тырысып жатыр. Қаржылай қолдау алып, жаныңа жақын жұмыстың жемісін көруіңе әбден болады.Тек мүмкіндікті мүлт жібермесеңіз болғаны. Ресми деректер соңғы жылдары Қызылорда облысында кәсіпкерлікпен айналысуға ниет қылғандар саны артқанын алға тартады. Ауылдық жерлерде кәсіпкерлікті дамыту да аймағымызда ерекше қолға тартады. Экономиканы дамытуда бұл да дұрыс деп есептейміз. Осындай кәсіпкердің бірі Алтынкүл Мұстафаева. Алтынкүл Байқоңыр қаласында азық-түлік сататын қойма орнын жеке тұлғадан жалға алып, азық-түлікті көтерме саудамен өткізу кәсібімен айналысып келеді. Ол өзінің азықтарды сақтайтын жеке қойма және азық-түлік дүкенін ашуды көптен бері ойлап жүрген. Осы мақсатын жүзеге асыру жолында «Даму» қорының Қызылорда қаласындағы Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығына келіп, кәсіпкер банктен несие алуға шешім қабылдайды. Кәсіпкердің жобасын «Қазақстан Халық Банкі» АҚ қолдады және «Даму» қорының 50% кепілдендіруімен кепіл мүлкі жетіспеушілігі шешіліп, 11 млн. теңге несие берілді. «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың біріңғай бағдарламасы аясында жеке кәсіпкер Мұстафаеваның несиесі мемлекет тарапынан субсидияланып отыр. Несие қаражатына Алтынкүл жеке азық-түлік сақтайтын қоймамен қоса дүкенін ашып, халыққа сапалы қызмет көрсетуде.
Көпшілігі кәсіп бастауды қиынсынады. Өйткені кәсіпті айналдырып кетемін дегенше сан мың шаруа күтіп қалады. Ия, оңай жерде нан жоқ. Еңбектенесің, содан соң алдыңа нан келеді. Еңбекпен, маңдай термен тапқан нанның тәтті болатыны да содан. Кәсіппен тек көзін тапқандар ғана айналысады. Ебін тапқандар да шетте қалмайды, - деп өз ойымен бөлісті бүгінгі кейіпкеріміз.
Қазіргі таңда кәсіпкердің негізгі сатылатын азықтарының түрі: шұжық, сүт, печенье, консервіленген тауарлармен әр түрлі тәттілер. Негізгі тұтынушылары Байқоңыр қаласының және Ақай кентінің жергілікті азық-түлік дүкендері. Менің жобамды қолдап, көтерме азық-түлікті сақтайтын қоймамен дүкен ашуға қаражат бөлген «Даму» қорымен «Қазақстан Халық банкіне» алғысым зор, - өз ойымен бөлісті.
«Кәсібім-нәсібім» деген даналық сөзден тың серпін алған Алтынкүл Мұстафаева түрлі тапсырыстар қабылдап, жұмыс жасап отыр.