«МОДНЫЙ» МАМАНДЫҚ ПЕН ҮЛКЕН ҚАЛА ТАҢДАУҒА АСЫҚПАҒАН ДҰРЫС
«Серпін-2050» бағдарламасы аясында биыл колледждерге – 1100, ЖОО-ларға 3162 грант бөлінді. Былтыр барлығы 6000 орын қарастырылған-ды. Бүгін «Сыр медиа» ЖШС жанындағы ОКО брифингінде «Серпін-2050» әлеуметтік жобасы республикалық үйлестіру кеңесінің төрағасы Мұрат Әбенов осылай мәлімдеді.
Гранттардың басым бөлігі білім бағыты бойынша, одан кейін техникалық, ауыл шаруашылығы және медицина мамандықтары тізімді толықтырды. Биылғы өзгеріс – бірінші рет медицина саласына 100 орын (Қарағанды мен Семейде) бөлінді. ЖОО-ларға қабылдануға ауыл жастарына ғана мүмкіндік беріліп отыр. Ал колледждер үшін ондай айырмашылық жоқ.
- Балалар аты белгілі мамандықтарды, үлкен қалаларды жиі таңдайды. Үміткерлер көп болғасын оқуға түсу мүмкіндігі төмендейді. Сондықтан «модный» мамандық таңдауға асықпау керек. Атауы кең таралмаса да тәуір мамандықтар бар. Соларды ажырата білу керек. Және шағын қалаларда оқудан қашпаған дұрыс, - деді Мұрат Әбенов.
Биыл талапкерлерден құжаттар 23 шілдеден бастап қабылданады. Қызылордалықтар Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дің І оқу ғимаратына (Желтоқсан көшесі, 40) тапсыра алады. Толық мәлімет serpin-2050.kz сайтында қамтылған.
Естеріңізге салсақ, өткен жылы «Серпінге» бөлінген 6000 гранттың 1800-ін Сыр жастары иеленген болатын.
Назерке САНИЯЗОВА