ШАРУАЛАРҒА МЕМЛЕКЕТ ТАРАПЫНАН БЕРІЛЕТІН СУБСИДИЯНЫҢ КӨЛЕМІ ҰЛҒАЙТЫЛМАҚ
Үкімет алдағы уақытта шаруалардың алған несиесі мен техникасының құнын өтеуге көмектеседі. Ол үшін мемлекет тарапынан берілетін субсидияның көлемін ұлғайтады, деп хабарлады «Қазақстан» ұлттық арнасы. Яғни, бұрын алған несие мен техниканың 7 пайызын субсидиялаған болса, ендігіде оны 10-13 пайызға дейін өсіру жоспарда бар.
Осыған сәйкес қазір тиісті құжаттар дайындалуда. Үкімет мүшелеріне жобаны таныстырған вице-премьер ауыл шаруашылығы министрі Асхар Мырзахметов бұл бағдарлама азық-түлік бағасын төмендеуіне және өтімділігіне үлкен көмек болатынын жеткізді. Мемлекет ауылшаруашылық бағытын қаржыдан қысып жатқан жоқ. Жыл сайын бөлінетін қаражат екі еселеніп келеді. Енді үкімет көрсетілетін көмектің көлемін ұлғайтпақшы. Осы мақсатта субсидиялаудың үлесі артады. Мәселен, несиенің пайыздық мөлшерлемесі 14 пайыздан 19 пайызға өсуіне байланысты, сәйкесінше пайыздық мөлшерлеменің субсидиялық бөлігін 7 пайыздан 10 пайызға дейін несие үшін және 13 пайызға техника мен мал лизингі үшін көтеру жоспарда бар. Яғни алынған несиенің пайыздық үстемесі 20-25 болса, соның 10-13 пайызын мемлекет өтейді.