БИЫЛ 3600-ДЕН АСТАМ ЖЕТІМ БАЛА ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСТЫРЫЛМАҚ
«Сәтті қадам» жобасы аясында 3600-ден астам жетім бала жұмысқа орналастыралады. Жоба еліміздің барлық аймағын қамтиды. Бұл туралы «Нұр Отан» партиясы Орталық аппараты ғимаратында өткен брифингте «Жас Отан» ЖҚ төрағасы Шахмардан Байманов мəлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.
«Осы жылдың маусым және шілде айларында «Сәтті қадам» жобасын 2 бағытта жүргізуді жөн деп таптық. Бірінші бағыт, бұл – тағылымдамадан өту. Ал, екінші бағыт – жұмыспен қамту. Осы бағыт бойынша біз 2016 жылы 3 600-ден астам тұл жетім балаланы жұмысқа орналастыруды көздеп отырмыз. Жобаға еліміздің 16 облысы мен Астана және Алматы қалалары қатыса алады. Кез келген мамандық бойынша», - дейді ол.
Айта кетейік, «Сəтті қадам» жобасына құжаттар 20 шілде мен 15 тамыз аралығында қабылданады. Жобаға қатысу үшін үміткер өз түйіндемесін, жеке анықтамасын, диплом және оның көшірмесін – satti_kadam@zhasotan.kz электронды поштасына жіберуі тиіс.