ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ СОТЫНДА РУСЛАН КУЛЕКБАЕВҚА ҚАТЫСТЫ БРИФИНГ ӨТТІ
Қызылорда облыстық сотының судьясы, баспасөз қызметін үйлестіруші Артур Наримов Алматыда полиция қызметкерлеріне қарсы шабуыл жасаған күдікті, 2012 жылдың 8 мамырында Қызылорда қалалық сотымен ҚР қылмыстық кодексінің 251-бабы «заңсыз қару сатып алу және оны сақтау» (ескі редакция) бойынша сотталған Руслан Кулекбаевқа қатысты брифинг өткізді.
Сотталушы Руслан Кулекбаев 14.02.2012 жылы Тараз қаласының теміржол вокзалы маңындағы саябақтан полиэтилен пакетінен атуға жарамды «1895 жылғы үлгісіндегі Наган» 7-атарлық револьвер атыс қаруы, патрондар салуға арналған қораптың ішінен 7 (жеті) дана 5,6 мм калибрлі патрондары және дыбыс шығармайтын құралын тауып алып, әрі қарай өзінде сақтау мақсатында аталған қаруды және оқ дәрілерді заңсыз иемденген.
Сот үкімімен сотталушы Кулекбаев Руслан Қазақстан Республикасы ҚК-нің 60-бабы (ескі редакция) негізінде, ОҚО Шымкент қаласының Еңбекші аудандық сотының 27.08.2010 жылғы үкімімен тағайындалған шартты түрде сотталудың күшін жойып, жазаның өтелмеген бөлігін ішінара қосып, түпкілікті 3(үш) жыл 6 (алты) айға бас бостандығынан айыруға, Қазақстан Республикасы ҚК-нің 13-бабының 1-бөлігіне сай әрекетінде қылмыстың қайталануы бар деп танылып, жазасын жалпы режимдегі түзеу колониясында өтеуге белгіленген.
Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі