«КӘСІБИ МЕМЛЕКЕТ ҮШІН КӘСІБИ КАДРЛАР» ТАҚЫРЫБЫНДА БРИФИНГ ӨТТІ
Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері департаменті "Самұрық" инновациялық идеяларды дамыту қоғамдық қорымен бірлесіп «Кәсіби мемлекет үшін кәсіби кадрлар» тақырыбында брифинг өткізді.
Брифинг барысында департаменттің мемлекеттік қызмет басқармасы басшысы Ғалымжан Ілкібаев мемлекеттік қызмет саласындағы қабылданған заңнама мен мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің негізгі қағидаттары, мемлекеттік қызметтің қалыптасуы мен дамуының негізгі кезеңдері туралы әңгімеледі. Ол мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенімнің белгісі екендігін атап өтті.
Еліміздің қарқынды дамуы мемлекеттік қызметшілердің жоғары адамгершілік деңгейі, өз қызметіне деген адалдығы, патриоттық сезімі мен заңдылықты бұлжытпай сақтауына байланысты.