МӘЖІЛІС ДЕПУТАТТАРЫ АУЫЛДАРДЫ АРАЛАДЫ
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары А.Ералиев пен Г.Шиповскихтер Сырдария ауданының Қоғалыкөл және Бесарық ауылдарының тыныс тіршілігімен танысты.
Ауданға қарасты елді мекендердің ішінде Қоғалыкөл ауылының орны ерекше. Тарихы тереңде жатқан ауыл соңғы жылдары дамуға кең құлаш сермеп, күн санап гүлденіп келеді. Оған дәлел ретінде, өткен жылы Қоғалыкөл ауылындағы «Шаттық» балабақшасының қайта жаңғыртудан өтіп, бүлдіршіндерге есігін айқара ашқанын, биыл орта мектепке ағымдағы жөндеу жұмыстарының жүргізіліп жатқанын айтсақ болады. Бұл туралы аудандық мәслихат депутаты С.Қаюпов кеңінен мағлұмат берді. Іс сапар аясында халық қалаулырары мекендегі әлеуметтік нысандарды аралап, жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарының сапасына жоғары баға берді.
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары іс-сапар барысында берекелі Бесарық ауылына да табан тіреп, елді мекендегі қоғамдық кеңес мүшелерімен, жеке кәсіпкерлермен және ауыл тұрғындарымен кездесу өткізді. Депутаттар Парламент Мәжілісіндегі қабылданатын маңызды заң жобалары туралы айтып, тұрғындардың сұрақтарына жауап берді. Кездесуде ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты А.Ералиев Бесарық елді мекенінің дамып, нарық талаптарына бейімделіп келе жатқанын жеткізді.