ЖЕРЛЕРДЕ ЗАҢСЫЗ КАРЬЕР ҚАЗУ ДЕРЕКТЕРІ АЙТАРЛЫҚТАЙ ТӨМЕНДЕГЕН
2016 жылдың І жартыжылдығында облыс көлемінде жердің пайдаланылуы мен қорғалуына бағытталған 352 бақылау шаралары жүргізіліп, көлемі 57625,6 гектар жер учаскелері қамтылды. Бұл туралы бүгін «Сыр медиа» ЖШС жанындағы облыстық коммуникация орталығында өткен брифингте Қызылорда облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының басшысы Қайрат Тоғызбаев хабарлады. Осы ретте жалпы көлемі 50021,5 гектар жер учаскелерінде 333 субъектінің тарапынан 341 жер заңдылықтарының бұзылуына жол беру фактілері анықталды.
- Басқарманың бастамасымен өңірімізде жер заңнамасы бұзушылықтарының алдын алу мен жою бағытында түпкілікті нәтижеге қол жеткізу үшін мүдделі мемлекеттік органдар арасында өзара қарым-қатынас, мәліметтер ұсыну жөнінде құзіреттері шеңберінде атқаратын іс-қимылдарының тәртібі белгіленген екі Бағдаржол әзірленіп, облыс әкімдігінде бекітілді, - деді Қ.Тоғызбаев. – Оның біріншісі, мақсаты бойынша пайдаланбай, нысаналы мақсатын бұза отырып пайдаланып жатқан және мемлекеттік жерлерді өз бетінше иеленген жер учаскелерді анықтау бойынша Қызылорда қаласында – 52, Арал ауданында – 1, Қармақшы ауданында – 5, Жалағаш ауданында-1, Сырдария ауданы – 2, Шиелі ауданында 1 заңбұзушылық анықталды. Ал екінші заңсыз кирьерлерді анықтау, зерттеп, мониторинг жұмыстарын жүргізу бойынша жер заңнамасы талаптарын сақтамаған 4 заңбұзушылық анықталды.
Айта кету керек, өткен жылмен салыстырғанда жерлерде заңсыз карьер қазу деректері айтарлықтай төмендеген.
Шынар БЕКБАН