31,8 МЫҢ ГЕКТАРДЫ ЖЕР ИЕЛЕНУШІЛЕР ҚАЙТА ПАЙДАЛАНУҒА КІРІСТІ
Қызылорда облысында 311,2 мың гектар жер пайдаланылмай отыр. Түгендеу жұмыстарының нәтижесімен бүгін «Сыр Медиа» ЖШС жанындағы ОКО брифингінде облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы Шахмардан Қойшыбаев таныстырды.
- Осының 271,7 мың гектары немесе 87,3 пайызы мемлекетке қайтарылды. 31,8 мың гектарын жер иеленушілер қайта пайдалануға кірісті, - деді ол.
Қазіргі кезде 7,7 мың гектарын заңға сәйкес мемлекетке қайтару бағытында жұмыс жасалуда. Жалпы, аймағымызда жер пайдаланушылар саны 3 793 болса, соның негізгі бөлігі шаруа қожалықтарына тиесілі.