«ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ АЗАМАТТЫҚ АЛЬЯНСЫ» ҚАУЫМДАСТЫҒЫНА ЖАҢА ТӨРАЙЫМ САЙЛАНДЫ
«Қызылорда облысының Азаматтық Альянсы» Қауымдастығына мүше 40-тан астам үкіметтік емес ұйым өкілдерінің қатысуымен жалпы жиналыс өткізілді.
Мәжілісте қауымдастық төрайымы Ә.Әбдіқалықованың қызметтен босату туралы өтініші қанағаттандырылып, облыстағы бірқатар ҮЕҰ-дың жетекшілерінен түскен ұсыныстар мен жалпы жиналыстың қаулысына сәйкес, «Қызылорда облысының Азаматтық Альянсы» Қауымдастығының жаңа төрайымы болып Ақтолқын Сунгур тағайындалды.
Айта кету керек, Ақтолқын Шереханқызы 2007 жылдан осы кезге дейін облыс дамуына дем беріп келе жатқан, бүгінде әлеуметтің әлсіз топтарын қолдаумен шектелмей аймақтағы бірқатар жобаларға демеушілік көрсетіп келген «Игілік» Корпоративтік қорының директоры қызметін атқарды.