ҚАЛАДАҒЫ ҮШ ҒИМАРАТТА ӨРТ-ТАКТИКАЛЫҚ САБАҚ ӨТТІ
«Қызылорда облысы әкімінің іс басқармасы» КММ-нің теңгеріміндегі үш ғимаратта өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында өрт-тактикалық сабақ өтті.
Бірінші өрт-тактикалық сабақ Бекзатхан Асқар көшесі, 47-үйде орналасқан облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында ұйымдастырылды. Нысан қызметкерлерінің іс-әрекеттеріне ерекше көңіл бөлінді. Сабақ барысында қызметкерлер өрт сөндірушілермен бірге өрт оқиғасы туындаған жағдайдағы өзара іс-қимылды жүзеге асырды. Әлеуметтік қызмет көрсету қызметкерлері мен келушілерді эвакуациялау өз уақытында жасалды. Шұғыл карточкасы түзетілген, нысанға кіру жолының ерекшелігі негізге алынды, нысанның жанында сумен жабдықтау көздері қарастырығаны белгілі болды.
Екінші өрт-тактикалық сабақ Ыбырай Жақаев көшесі, 5-үйде өтті. Сабақтың ерекшелігі – қауіпсіздік ережелері білімдерін шыңдау мақсатында өртке қарсы нысандағы өрт сынағының өткізілуі. Өрт-тактикалық сабақ кезінде ғимарат қызметкерлерінен басқа өрт сөндірушілердің жедел әрекеті, өрт гидранттарының қолжетімділігі мен жарамдылығы тексерілді.
Үшінші өрт-тактикалық сабақ Абай даңғылы, 47-мекен-жайдағы ғимаратта өтті. Ғимараттан адамдарға жедел эвакуациялау жүргізілді. Эвакуациялық оқыту процесі қызметкерлерге объектінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуді жүктеді. Іс-шара барысында комиссия мүшелері адам кептелген кезде адамдарды негізгі шығу есігіне жіберілетіні жөнінде айтты. №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіру автокөліктері келуіне қарай біршама адамдар қауіпсіз жерге көшірілді.
Күштер мен құралдарды жедел басқару орталығының бастығы азаматтық қорғау майоры Ж.Өндірей объектінің адамдарын тиімді көшіру қызметкерлер мен келушілерге жүктеу олардың өмірін сақтап қалуға мүмкіндік беретіндігін айтты.
Ұйымдастырушылардың айтуынша практикалық өрт-тактикалық оқу-жаттығуларға «қанағаттанарлық» деген баға берілді. Сондай-ақ осы сабақтардың төтенше жағдай туа қалған күнде маңыздылығы жоғары екендігін айтты.
Қызылорда облысы ТЖД өрт сөндіру және
авариялық-құтқару жұмыстары қызметі ММ