«KAZSAT-2»ЖЕР СЕРІГІНІҢ ҰШЫРЫЛҒАНЫНА 5 ЖЫЛ ТОЛДЫ
Биыл «KazSat-2» ұлттық байланыс және хабар тарату жер серігінің ұшырылғанына 5 жыл толды. Жер серігі «Протон-М» зымыран тасығышымен «Байқоңыр» ғарыш айлағынан 2011 жылдың шілдесінде ұшырылған болатын, деп хабарлайды BNews.kz.
«KazSat-2» ғарыш аппаратын жасау кезінде заманауи техникалық шешімдер пайдаланылып, борт жүйелері жаңғыртылды, өндірісті тұрақтандыру және бағдарлау жүйелерінің берік құралдары орнатылды, деп мәлімдеді Қазғарыштың баспасөз қызметі.
«KazSat-2» жабыны аймағы Қазақстанның барлық аумағына тарайды және байланыс пен хабар тарату операторларының қажеттіліктерін қанағаттандыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар ұлттық жер серігі Орта Азия аумағында да таралады: Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Ресейдің орталық бөлігі», - деп атап өтті Қазғарыш «Республикалық ғарыш байланысы орталығы» АҚ президенті Виктор Лефтер.
«KazSat-2» жер серігін пайдалануға беру мемлекеттің дамуы мен экономикасына оң ықпалын тигізді. Бүгінде ғарыш аппараты сандық телерадиохабар тарату, жоғары жылдамдықты интернетке қолжетімділік, сондай-ақ спутниктік байланыс қызметін көрсететін 12 отандық компания желілерінің үздіксіз қызметін қамтамасыз ете отырып, штатты режимде пайдаланылады.