ҮШЕМДЕРДІҢ АНАЛАРЫНА СЫЙЛЫҚТАР ТАБЫС ЕТТІ
34 жастағы Салтанат Карбоз шекесі торсықтай ұлдарын Ерасыл, Нұрасыл мен Жанасыл деп атапты. Тізгін ұстар сәбилер айы-күніне жетіп өмірге келген. Ал мерзімінен бұрын босанған байқоңырлық 22 жастағы Гүлзира Шағатаева 3 қыз баланы дүниеге әкелді. Дәрігерлер Әмина, Алина және Ләйлә есімді нәрестелердің жағдайы бірқалыпты дейді, деп хабарлады «24 кз».
Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен «Ақ орамал» акциясы аясында бақытқа бөленген аналар мен сүйкімді сәбилерге сый-құрмет көрсетілді.
Айта кеткен жөн, жыл басынан бері аймақта 8 мыңнан астам бала жарық дүние есігін ашыпты. 120-сы егіз де, 3-еуі үшем.
Салтанат Карбоз, қала тұрғыны:
- Үйде қызымыз бар. Енді 3 інісі болады. Бірінші УЗИ-ге түскен кезде үшем деп айтқан кезде қуанып қалдым өзім. Үшеуіне енді әжелері көмектеседі.
Гүлнар Жұмашева, облыстық перинатальды орталықтың бас дәрігері:
- Жүкті әйелдеріміз үнемі дәрігер бақылдауында болды. Орталыққа келіп босанып, 1 үшеміміз кішкене уақытына жетпей босанды. Салмағы 2 келінің маңайында. Екіншісі уақытына жетіп босанып, анасының да, балалардың да дендеру сау. Осы кезде үйлеріне шығуға дайындалып жатыр.