«ӨТЕ ЖАҚСЫ» НӘТИЖЕ КӨРСЕТКЕН ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІ МАРАПАТТАДЫ
Қызылорда облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті және департаментке қарасты басқарма, бөлімдердің офицерлер құрамы мен келісімшарт бойынша әскери қызметшілері дене дайындығы және жауынгерлік даярлық пәндерінен ІІ тоқсанды қорытындылау мақсатында сынақ тапсырды, деп хабарлады Қызылорда облысының қорғаныс істері жөніндегі баспасөз қызметі.
2 күнге созылған тапсырмаларды әскери қызметшілер талапқа сәйкес орындап, сынақтан сүрінбей өтті. Өскелең ұрпақтарға үлгі бола білетін әскери қызметшілерге қорғаныс департаментінің бастығы генерал- майор Ә.Ерниязов «әскери қызметшіге қойылатын талап пен міндет қатаң! Кез-келген оқыс оқиғаларға төтеп бере алатын, бойларында ептілік пен шыдамдылық қатар жүруі тиіс. Күнделікті дайындық жұмыстарын жүргізіп, жауынгерлік дайындық пен спорт жаттығуларын жаңғақтай шағатын нағыз әмбебап маман иегері болыңыздар» - деді. Шара соңында «өте жақсы» нәтиже көрсеткен әскери қызметшілерді марапаттады.